У нас работают квалифицированные и опытные воспитатели, которые любят свою работу. Благодаря молодости, активности и профессионализму, наши педагоги быстро находят общий язык даже с самым капризным  ребенком.

 

 

ЖАЗЕРКЕ

Воспитатель младшей группы с казахским языком обучения

Образование:

Высшее: Женский Педагогический Университет по специальности «Педагогика и методика дошкольного обучения и воспитания»

Опыт работы с детьми более 10 лет в частных детских садах г.Алматы.

Благодаря большому опыту и чуткости, Жазерке находит индивидуальный подход к каждому ребенку.  С первых минут общения она старается раскрыть задатки ребенка и оценить знания, чтобы в дальнейшем помочь реализовать заложенный в нем потенциал.

Жазерке: «Я считаю, что работая воспитателем в детском учреждении очень важно быть для детей другом. Мне нравится помогать, развивать их, учить добру и рассуждать об окружающем мире. Даря детям знания, любовь и заботу, я счастлива слышать их искренний смех и чувствовать их любовь. Я горжусь своей профессией!».

 

 

ДИНА

Воспитатель старшей группы с русским языком обучения

Образование:

Высшее: Академия Кокше (г.Кокшетау) по специальности «Педагогика и психология»

Дина имеет опыт работы с «особенными» детьми, слабослышащими и глухонемыми, так же некоторое время работала с малышами из детских домов. Она считает, что каждый ребенок имеет право на получение полноценных знаний вне зависимости от особенности его здоровья или семейного положения.

Дина: «Моя профессия — это возможность постоянно находиться в мире детства, в мире сказки и фантазии. Каждый день, когда я вижу глаза детей, ловящие каждое слово, каждый жест, я осознаю значимость профессии воспитателя. Я могу назвать себя счастливым человеком, так как у меня есть возможность передавать свои знания, свою энергию и свою любовь детям.

И когда мне задают вопрос о значимости профессии воспитателя, я вспоминаю высказывание В.А. Сухомлинского:

«От того, как прошло детство, кто вел ребенка за руку в детские годы, что вошло в его разум и сердце из окружающего мира – от этого в решающей степени зависит, каким человеком станет сегодняшний малыш» (В.А. Сухомлинский)».

 

 

 

ҰЛЖАЛҒАС

Қазақ тілінде оқитын жоғары топ тәрбиешісі

Образование:

Жоғары: Тараз қаласындағы Тараз институтында «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқуды бітірді.

Ұлжалғас жоғары оқуын бітіріп, Алматы қаласындағы №8 оқушылар үйінде қосымша білім беру педагогы қызметінде 6-7 жылдай жұмыс атқарды. Ол тек қана сабақ бермей, көптеген іс-шараларға жауапты ұйымдастырушы болды. Мысалы, қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Айтыс», «Қыз сыны», «Қыз қызғалдақ», «Жан азық», «Тоғыз тосқауыл» байқауларын ұйымдастыруға белсене қатысқан. Сол еңбегі үшін Білім басқармасының басшысы Р.С. Шимашеваның, Алматы қаласының әкімі А. Есімовтің, Әуезов ауданының әкімі Т. Торғаевтің, қалалық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ. Назарбетовтің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, Ұлжалғас қайырымдылық қызметпен де белсенді айналысып, Ақсай Республикалық балалар емханасына қайырымдылық концерттер, Ардагерлер үйіне шахмат, шашкадан турнирлер, бірнеше балалар үйіне танымдық ойындар, жаздық лагерлерде әр түрлі қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырып отырды.

Ұлжалғас: «Менің ойымша, тәрбиеші мамандығы — ең маңызды мамандықтардың бірі. Тәрбиеші балаға жүрегінің жылуын, мейірім шуағын беріп, адамгершілік пен мейірімділікті баланың бойына дарытады. Тәрбиеші мамандығында білім, ықылас пен парасат өте қажет. Себебі ол болашақ азаматты қалыптастыруға зор үлесін қосады.

Қазақтың Ұлы ақыны Абай айтқандай: «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан», тәрбиешінің ең басты мақсаты — елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу».

 

 

 

АЙЗАДА

Қазақ тілінде оқитын 3 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін топ тәрбиешісі

Образование:

2008-2012, 2012-2014 жылдар аралығында Қазақ Ұлтық Педагогикалық Университетте бакалавр, магистр білімін алған.

Айзада өзінің ашық, әрі мейірімділік мінезі арқылы балалармен тез тіл табысады. Ол әсіресе 2-3 жастағы кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс істегенді жақсы көреді. Айзада 2012-2014 жыл аралығында балалармен жұмыс жасау, шығармашылық, ой дамыту сабақтарын жеке түрде жүргізген. Балалармен рөлдік ойындар ойнау, өнер, аппликация жасағанды өте ұнатады. 2015-2016 Алматы қаласындағы жеке меншік балабақшада тәрбиеші жұмысын атқарған.

Айзада: «Әр баланың өзінің дарыны бар. Тәрбиешінің міндеті тек баланы оқыту емес, оның дарынын тауып, оны әрі қарай дамыту, биікке жетелеу. Сонымен қатар балаларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және адамгершілікке үйрету қажет деп ойлаймын. Балалардың қабілеттерін дамытуды, оқытуды, адамгершілігін қалыптастыруды тәрбиеші тек ойын, үлгі көрсету және дос болу арқылы ғана жүзеге асыра алады.

Мен жұмысымда Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың сөзін есте сақтап жүремін: «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы».